Семей қаласы үшін 2019-2020 жылдардағы маусымаралық кезеңде "Ертіс" ӘКК " АҚ 3000 тонна көлемінде картоп және көкөніс сатып алды, оның ішінде: картоп – 1500 тонна; қырыққабат-500 тонна; сәбіз-400 тонна; пияз-600 тонна.
Тұрақтандыру қорының өнімдерін сату үшін бөлшек сауда кәсіпорындарымен келісімдер жасау арқылы жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың 19 қарашасына дейін 40 меморандум жасалды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қараша айынан бастап "Агрофирма "Приречное" ЖШС сауда үшін 12 орын бөлінді.
Жұмыс ағымдағы жылдың қараша айының екінші онкүндігінен басталып, 2020 жылдың 15 мамырына дейін жалғасады.
Сауда үстемесінің 10% есебімен бөлшек баға-кг үшін 77 теңге және тұрақтандыру қорының өнімдерін өткізудің барлық кезеңіне тіркелген болып табылады.
Пікір қалдыру